Created: 09 Қазан 2019
313

ЖАС МАМАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ...


2-ші қазан күні Ақтөбе медицина орталығында "Жас мамандардың мамандыққа бастамасы" атты жас дәрігерлерді қолдауға арналған шара ұйымдастырылды. Бұл шара аясында, жас мамандардың, тәжірибелі дәрігерлер мен сала ардагерлерінің өткені мен бүгіні, болашақтары арасындағы байланыс орнады. Дәрігер- қай күнде болмасын, қай кезеңде де, аса қажеттілік тудыратын мамандықтардың бірі екені белгілі.

Биыл облыс бойынша медицина университетін 122 жас түлек тамамдаса, соның 45-і аймақтың ауылдық жерлеріне жолдама алып, жұмысқа орналасқан. Жас түлектерді салтанатты ұлықтау шарасында аймақ басшысы О. Оразалин "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан 45 жас дәрігерге 1 млн.500 мың теңгенің сертификатын табыстады. Ал, біздің Ойыл аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігер, жас мамандары Көптілеу Бағдат Нұрдаулетұлы мен Салин Даулет Мақашұлы да осындай қомақты сыйақының сертификатымен марапатталды. Жас мамандарды шын жүректен құттықтай отырып, жұмыстарының жемісін көріп, абыройлы қызмет атқаруларына тілектестік білдіреміз! ???