Created: 28 Наурыз 2019
179

«Қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша егу жұмыстарын жүзеге асыру барысында вакцинациялаудың маңызы» тақырыбында семинар


2019 жылдың   28  наурызында   Мәртөк  аудандық  қоғамдық  денсаулық  сақтау  басқармасы    Мәртөк  аудандық  орталық  ауруханасымен  бірлесіп «Қызылша, қызамық   және  паротитке   қарсы   қосымша  егу  жұмыстарын    жүзеге  асыру  барысында   вакцинациялаудың маңызы» тақырыбында  семинар өткізді.


Семинарға емдеу профилактикалық мекемелерінің жалпы  тәжірибелік   дәрігерлері мен   егу  кабинеттерінің   медицина  қызметкерлері қатысты.

Семинар  мақсаты -   қызылша  ауруынан   қорғанудың  ең  басты тиімді  әдісі-вакцинациялау   екенін   және 1 сәуірден   бастап  9-10 айлық   балаларды қызылша,қызамық.паратитке қарсы  вакцинациялау   туралы   ата-аналарды   кеңінен  хабардар  ету. Вакцинациялау   ережелерін сақтай  отырып, қауіпсіз  вакцинация   жүргізу.

Семинар  барысында  тақырыпқа байланысты    түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,қызметкерлердің  сұрақтарына  сәйкесінше  жауап  берілді.

 

Мәртөк аудандық қоғамдық  денсаулық сақтау басқармасы